«Қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығы 11 жылға сотталды

Ол полиция полковнигі арнайы атағынан айырылды.

Malim Админ

  • 30.04.2024

Бүгін Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Көштібаевқа қатысты сот шешімі шықты. Ол 11 жылға сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот тыңдаулары жабық режимде өтті. Іс ҚК-нің 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша қаралды.

Тағылған айыптарға сәйкес, 2023 жылғы 12 қарашада Күштібаев Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы қызметін атқарып жүргенде полиция басқармасының ғимаратында, атап айтқанда, өзінің қызметтік кабинетінде зорлау, яғни қызметтік міндеттерін орындау кезінде жәбірленушіге зорлық-зомбылық қолдану арқылы жыныстық қатынас жасаған. Істің мән-жайлары заңға сәйкес жарияланбайтындықтан, іс жабық сот отырысында қаралды, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Көштібаев ҚК-ның 120-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

ҚК-ның 49-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Көштібаев полиция полковнигі арнайы атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін прокурор полиция бастығын 12 жылға соттауды сұраған болатын.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025
MalimBlocks
20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

Талғар ауданында атыс болды