Прокурор «қыз зорлады» деп айыпталған полиция бастығын 12 жылға соттауды сұрады

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.

Malim Админ

  • 30.04.2024

Прокурор Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Көштібаевты 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін сот тергеу органдарының тиісті өтінішхатын қанағаттандырып, полиция бастығы қамауға алынды.

Бұл іс бойынша Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пікір білдірді.

Ел азаматтарының конституциялық құқықтарын қорғайтын полиция қызметкері үшін заң мен тәртіп бірінші орында болуы керек. Құқыққа қайшы келген азаматтар мен полицейлердің заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылуы тиіс. Заң бәріне ортақ, - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев та әріптесінің қыз зорлау оқиғасына қатысты түсініктеме берді.

Әрине, ондай жұмыстар осы уақытқа дейін жүргізіліп келеді. Бірақ өкініштісі сол, кейде осындай жағдайлар болады. Бұл туралы айту да өте жағымсыз. Біз мұндай оқиғалар үшін жауапкершілігімізді толық түсінеміз, - деді ол Сенат кулуарында.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады