457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

“Қызбен кездесуге”. Италиялық интернетте алданып Оралға ұшып келген

64 жастағы Италия азаматы Аджигирио Грацио Оралға интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келген. Алайда оны әуежайда қарсы аламын деген қыз келмеген, деп хабарлайды Malim.kz ІІМ-ге сілтеме жасап.

Махаббатта жолы болмаған шетелдікті қалада кезекшілік жасап жүрген патрульдік полиция инспекторлары Руслан Мұқсанов пен Манарбек Сатқанқұлов байқап қалып, көмек қажет пе екенін сұраған.

Жағдайды білген полиция қызметкерлері оған қамқорлық танытып, қажетті көмекті көрсетті. Ер адам оларға алғысын білдіріп, алдағы күндері Италияға оралатынын айтты.
Фото: pixabay.com