«Қызды қорқытқан»: Қарағандыда белдемше киген ер адам жындыханаға қамалды

Ол болған оқиғадан қатты қорқып қалған.

Берік Дәулетов

  • 10.06.2024

Қарағандыда белдемше киіп алған ер адам көшеде кетіп бара жатқан қызға тиісіп, азғындамақ болған. Кейін оны полицейлердің жындыханаға қамағаны анықталды. Бұл туралы ekaraganda порталы хабарлады. 

Қарағандылық қыз болған оқиғадан қатты қорқып қалған. Тіпті болған оқиғаны оның өзі емес, құрбысы желіге салып бөліскен. Айтуынша, ол қатты қорыққаннан біртүрлі адамды суретке де түсіре алмаған.

Жақында менің құрбыммен келеңсіз жағдай болды. "Дипнер шипажайының" жанында оған сарғыш шашты, белдемше киіп алған бір адам келіп, тиісе бастады. Ол оны азғындап, бөксесінен ұрмақ болған. Құрбымның әдемі екенін және оны қатты қоздырғанын айтқан. Алайда құрбым ол кезде қарапайым джинсы мен футболка киген. Жақын жерде ешкім болмағандықтан, ол қатты қорқып, үнсіз "Гигант" жақтағы тұраққа қарай жылжи бастады. Себебі әлгі адаммен тұрған жерде қоршау мен ағаштар болды. Құрбым кетіп бара жатқанда ер адам "Ксения" деп айқайлап, артынан жүрді. Кейін алдынан адамдарды көрген соң, басқа жаққа қарай жылдам қаша жөнелді. Құрбымның қатты қорыққаны соншалық айқайлап, оны суретке түсіре алмады. Менің досымның орнында кез-келген басқа әйел немесе жасөспірім болуы мүмкін еді. Бұл өте қорқынышты. Егер ертең бірдеңе болса, бұл адамға ештеңе болмайды. Сақ болыңыздар!",- деді қарағандылық бойжеткен жағдайды сипаттап.

Оқиғадан кейін Қарағанды облыстық Полиция департаменті бұл адамға іздеу жариялады. Нәтижесінде ұсталып, психоневрологиялық диспансерге жеткізілгенін мәлімдеді. 

Бұл факт полицияда тіркелген. Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынын анықтады. Денсаулық жағдайына байланысты облыстық психоневрологиялық диспансерге орналастырылды, - деп хабарлады ведомство.

Фото: pixabay

Байланысты жаналықтар

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Америкалық ер адам 18 жыл бойы өзіне жылан уын егіп келген

03.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025

Алматыда екі ай бұрын жоғалған ер адам аман-есен табылды

28.04.2025

Қарағандыда асырап алған жетім балаларды қорлаған отбасы сотталып жатыр

25.04.2025
MalimBlocks
Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды