Қызғалдақ дауы: тағы бір әкім жазалануы мүмкін
Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды. Суретті Ляззат Бердыбаева әлеуметтік желілерде жариялаған

Ақтөбе облысында ауыл әкімі қызғалдақ ұстап түскен суретінен кейін басы дауға қалды. Суретті Ляззат Бердыбаева әлеуметтік желілерде жариялаған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімінің қызғалдақ ұстап түскен суреті дауға туғызды. Халық билік өкілі мемлекет қорғауындағы гүлдерді не себепті жұлғанын түсіндіруді талап етіп жатыр.
Әкімнің айтуынша, бұл қызғалдақтарды оның қыздары табиғат аясында демалып жүргенде сыйға тартқан, ал сол маңда гүлдерді жұлуға болмайтыны туралы ешқандай белгі болмаған.
Бұған дейін дәл осындай жағдай Түркістан облысында тіркелген еді. Онда бір тұрғын Грейг қызғалдақтарын жұлып жинап жатқаны видеоға түсті. Енді оған 12 миллион теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Ал Ақтөбе облысындағы шенеунік жазадан құтылып кетуі ықтимал.
Полиция өкілдерінің айтуынша, әкімнің гүлдерді өзі жұлғанына нақты дәлел жоқ.
"Мұғалжар аудандық полиция бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім туралы кейін хабарлаймыз", - деді Ақтөбе облысы полиция департаменті өкілдері.
Фото: pixabay.com