Ресей билігі утиль алымын көтерді

Автомобиль мен тіркемені утилизациялау алымы жыл сайын көтеріледі

Арман Қайыпхан

  • 17.07.2024

Ресей үкіметі 2030 жылға дейін автомобильге, автобусқа және кейбір арнайы техникаға арналған утиль алым мөлшерлемесін жыл сайын қайта есептеп, көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Malim.kz kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

РБК ақпаратына сәйкес төлем биыл көлік түріне байланысты 70-85 % өседі, ал содан кейін жыл сайын 2030 жылға дейін 10-20 % көтеріліп отырады.

Утиль алымы базалық мөлшерлеме негізінде есептеледі: 20 мың рубль (жеңіл автомобиль үшін) және 150 мың рубль (басқа көлік құралдары үшін).

Төлем мөлшері автомобильдің жасына (үш жылдан асқан көліктер үшін мөлшерлеме айтарлықтай жоғары) және базалық мөлшерлемеге сәйкес коэффициентке байланысты анықталады.

Жеңіл электромобиль, гибрид үшін коэффициент 2024 жылы 1.63-тен 2030 жылға қарай 58.62-ге дейін артады. Қозғалтқыш көлемі 1-2 литр машина үшін коэффициент 27.81-ден 58.62-ге дейін; 3-3.5 литр — 89.73-тен 189.17-ге дейін, ал 3.5 литрден жоғары — 114.26-дан 240.89-ға дейін өседі.

Drom.ru порталы қозғалтқыш көлемі 2.0 литрге дейінгі ең көп сұранысқа ие жеңіл көлікті мысал ретінде алып, мөлшерлеме қалай өсетінін көрсетті. Қазір жеке пайдалануға әкелмейтін импортер үшін утиль алым сомасы 300 600 рубль (~1.6 млн теңге) болса, бірінші кезеңнен кейін ол 556 200 рубльді құрайды, ал 2030 жылы 1 172 400 рубльге (6 млн теңге) дейін жетеді.

Фото: platesmania.com/Yurok059

Байланысты жаналықтар

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

02.12.2024

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

01.12.2024

Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

29.11.2024

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

28.11.2024

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

28.11.2024

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері ашылады

27.11.2024
MalimBlocks
Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

Қазақстанға кірер бағытта бір жол ғана істеп тұр

Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

Ливандағы соғыстың келісім сұлбасы енді-енді көріне бастаған секілді еді. Израиль мен “Хезболла” бітімге кеп, “ХАМАС” та ұрысты тоқтату туралы араша сұрағандай әңгімелер айтыла бастаған еді…

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері ашылады

Путин Тоқаевқа орыс тілін қорғап, халықаралық ұйым құрғанына алғыс айтты