Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Салтанат Нүкенованы қорғаған адвокаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қоғам
Салтанат Нүкенованы қорғаған адвокаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде марқұм Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады, деп хабарлайды Malim.kz ақпарат порталы, kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бопсалау және алаяқтық бойынша қылмыстық істің адвокаттары үстінен сотқа дейінгі тергеу деректерін жария еткені үшін, яғни У. және Б. есімді азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар қылмыстық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тыйымға қарамастан, БАҚ және әлеуметтік желі арқылы тергеу барысы туралы ақпарат таратқан, — делінген ресми хабарламада. 

Одан бөлек, ақпаратта айтылғандай, күдіктілер тергеу әрекеттерін қасақана бұзған және процессуалдық процеске міндетті түрде қатысу керектігін елемеген. 

Айта кетейік, Жанна Уразбахова елді елең еткізген экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істе жәбір көріп, мерт болған Салтанат Нүкенованың мүддесін қорғаған еді. 

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. 

Кейін экс-шенеунік пен оның туыс бауыры сот үкіміне қарсы шағым түсірді, бірақ өтініш оң шешімін таппады, яғни сот үкімі өзгеріссіз қалды. 

Фото: instagram.com / advokatzhanna

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу