Салық төлемейтін борышкерлердің тізімі жарияланады - Қаржы министрлігі

Арман Қайыпхан

  • 09.04.2025

Қаржы министрлігі салық төлемейтін борышкерлердің тізімін жариялауға дайын, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов Салық кодексіне сәйкес, салық бойынша берешек салық құпиясына жатпайтынын еске салды.

Біз салық төлемейтін борышкерлердің тізімін жариялайтын боламыз. Салықтан жалтарып жүргендер тізімін өзіміздің сайтта орналастыра аламыз, – деді ол.

Сондай-ақ, ол жаңа Салық кодексі аясында Қаржы министрлігі салық берешегін өндіріп алу шараларын қайта қарап жатқанын айтты.

Бұрын зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер бойынша небәрі 100 теңге берешек болса да, есепшоттар бұғатталатын. Қазір біз салық бойынша шекті соманы қайта қарап, оны 20 АЕК-тен жоғары деп белгіледік – бұл шамамен 80 мың теңге. Мұндай жағдайда алдымен борышкерге ескерту жіберіледі, онда: "Сізде берешек бар және оған айыппұл есептелуде" деп жазылады. Келесі кезең – 20-дан 45 АЕК-ке дейін, яғни 180 мың теңге берешек. Бұл кезде банкке инкассалық өкім жіберілетіні хабарланады. Егер салық төленбесе, мүлікке тізімдеу және сату шарасы қолданылуы мүмкін, – деп түсіндірді вице-министр.

Жалпы алғанда, қолданылатын санкциялар салық берешегінің мөлшеріне байланысты болады.

Фото: ОКҚ

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

21.04.2025

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

19.04.2025

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

18.04.2025

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі

11.04.2025
MalimBlocks
Қазақстанда отау құрған жұптардың жартысы ажырасқан - министр

2023 жылы елімізде 124 мың жұптың некесі қиылған.

Келесі жылдан бастап жаттықтырушыларға 30 пайыз үстемеақы қосылады

Жамбыл облысында балаларға арналған 45 миллион теңге ұрланған

Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражаты жымқырылғанын анықтады,

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

"Рамштайндағы" кездесу: Украинаға 21 млрд еуро әскери көмек көрсетіледі