Санкт-Петербургте қаза тапқан жолаушылар арасында Көкшетау тумасы бар болып шықты

Қайғылы оқиғадан барлығы 7 адам өлген

Malim Админ

  • 11.05.2024

Санкт-Петербургте қоғамдық көліктің өзенге құлауынан қаза тапқан 7 адамның ішінде Қазақстан тумасы бар болып шықты. Бұл туралы fontanka.ru сайты жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаза тапқандардың бірі Көкшетау қаласының тумасы, бүгінде Санкт-Петербургте Марина Васильевский аралында тұратын 28 жастағы Марина Ю. болып шықты. Бүгінге дейін табиғи косметика сатумен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізген. Онда кішкентай баласының суреттерін үнемі жариялап отырған.

Екіншісі, болжам бойынша, 41 жастағы Елена Ш. Ленинградта туған. Ал үшіншісі - Андрей Р.

Ресейлік сайтқа әзірге осы үшеуі туралы ғана мәлім. Тағы бір 30-40 жастағы ер адамның тұлғасы әлі анықталмаған.

Қайғылы жағдайға қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде жүргізуші ұсталған.

Айта кетейік, 10 мамырда түс ауа №262 автобус Поцелуев көпірінде Мойка өзеніне құлап, соның салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапқан. Әзірге олардың үшеуінің аты-жөні мәлім.

Фото: ptzgovorit.ru

Байланысты жаналықтар

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

12.05.2025

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

12.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады

11.05.2025
MalimBlocks
Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

Кремль Украинадағы соғысты тоқтату туралы талаптарды "ультиматум" деп атады

Зеленский Ыстамбұлға барады - БАҚ

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

Ердоған Путиннің ұсынысын қолдады