"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Сұлу Бөлек

  • 23.04.2025

"Семей-Астана-Семей" бағытында жаңа әуе рейсі ашылады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Биылғы 27 сәуірден "Семей-Астана-Семей" бағытында сыйымдылығы 48 орындық "Ан-24" ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті "Южное небо" әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты - кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты - кешкі сағат 21:15.

Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі халықаралық әуежайдың жұмысымен танысу барысында айтты.

"Жолаушылардың өтінішін ескере отырып Көлік министрлігі, әуе компаниясы және облыс әкімдігінің үш жақты келісімі нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жеткіздік. 10 мамырға дейін аптасына үш рейс орындалады. Ал мамырдың ортасынан бастап ұшу жиілігі аптасына 5 ретке дейін ұлғаяды. Әуе компаниясының құрылтайшылары болашақта жаз мезгілінде қатынайтын жаңа ұшақтарды желіге шығаратынын айтып отыр. Алдағы уақытта Қарағанды бағытында субсидияланатын жаңа әуе рейсін ашу жоспарымызда бар. Қазір Көлік министрлігімен келіссөз жүргізіліп жатыр", - деді аймақ басшысы.

Биылғы 1 мамырдан бастап "Алматы-Семей-Алматы" (аптасына үш рет), "Астана-Семей-Астана" (аптасына бір рет) бағыттарында қосымша рейс енгізіледі. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастап "FlyArystan" әуе компаниясы "Шымкент – Семей – Шымкент" бағыты бойынша жаңа рейсті іске қоспақ.

Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады. Сондай-ақ, осы күннен "Скат" әуе компаниясы "Алматы-Үржар-Алматы", "Астана-Үржар-Астана" рейстерін әрқайсысын аптасына 6 реттен орындай бастайды.

Қазір Семей қаласынан "Семей – Алматы", "Семей – Астана" және "Семей – Үржар" бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері орындалып жүр. Бұл рейстерді "FlyArystan" және "Южное небо" әуе компаниялары жүзеге асырып келеді.
Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.