Семейде көпір салып жатқан құрылысшылар екі айдан бері жалақы алмаған

Одан бөлек жұмысшылардың медициналық сақтандыруы мен зейнетақы қорына да төлем түспеген.

Берік Дәулетов

  • 29.05.2024

Семейде Ертіс арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысын жүргізіп жатқан жұмысшылар наразылық танытты. Олар екі күннен бері жұмысқа шыққан жоқ, деп хабарлайды Malim.kz.

NUR.KZ жазуынша, 150 құрылысшы екі айдан бері маңдай тер еңбек ақыларын алмағанын айтады.

Одан бөлек жұмысшылардың медициналық сақтандыруы мен зейнетақы қорына да төлем түспеген. Енді бел жазбай жұмыс істегендер облыс әкімдігін айналшықтаумен жүр.

Көпір құрылысының басынан бастап осындамын. Енді наурыз айынан бері жалақыны бермей отыр. Зейнетақы қоры, медициналық сақтандыруғада ақша аудармайды. Балалардың бәрі үйлеріне ақшасыз барып, ақшасыз келеді. Талап ететініміз ақша, - деді дәнекерлеуші Ұлтан Ниязбеков.

Жалақысын ала алмай жүргендердің арасында Астана, Тараз, Шымкенттен келген құрылысшылар да бар. Олар жаңа көпірдің құрылыс жұмыстарын жүргізуге тартылған.

Облыс әкімдігіндегілер құрылысшылардың жалақы дауын шешіледі деп отыр. Олардың айтуынша, көпірдің құрылысы 30 млрд теңге деп бағаланған. Ал бұл қомақты қаржы ел қазынасы мен облыстық бюджеттен бөлінуге тиіс. Алайда шенеуніктер мемлекеттік қазынадан қаражат кешігіп жатыр дейді.

Облыстық бюджеттен қаржы 100 пайыз аударылды. Ал мемлекеттік бюджеттен ақша кешігіп жатыр. Бұл қаржы маусым айында түсуі керек. Бүгінде жұмысшылар алдындағы берешек 67 млн теңгеден асады, - деді Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков.

Сондай-ақ облыстық әкімдік құзырлы органдардың тексеріс жүргізетінін жеткізді. Олар медициналық сақтандыру мен зейнетақы қорына неге ақша аударылмағанын анықтамақ. Ал жұмысшылар қолдарына еңбекақылары тигенше техникаларын қаңтарып қоймақ ниетте.

Айта кетейік, Ертіс арқылы өтетін төрт жолақты жаңа көпірдің құрлысы 2022 жылы басталған. 2025 жылы құрылысы толық аяқталып қолданысқа берілуге тиіс.

Фото: дереккөз

Байланысты жаналықтар

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

01.05.2025

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

30.04.2025

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео

28.04.2025
MalimBlocks
Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

Елімізде қанша адамның жалақысы 3 млн теңгеден көп?

Қарағандыда даулы тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

Семейде мұғалім сабақ үстінде оқушы қызға тиіскен - видео