Серік Жұманғарин ҚҚС-ның кімдерге қатысы болмайтынын айтты

Malim Админ

  • 06.02.2025

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа салық реформаның кімдерге қатысы жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды www.malim.kz.

Министр пікірін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер сұрағына берген жауабында айтты.


Осы бастамалар аясында (салық реформасы) көптеген сарапшы пайда болғанын көрдік, түрлі мәлімдемелер жасады. Мәселен, кеше ғана өңірлердің бірінде дүкен иелері пікірін айтқан... Біз үнемі халықпен тікелей жұмыс істейтіндердің барлығына – бөлшек сауда нысандарына, яғни соның ішінде үй жанындағы дүкендерге, дүңгіршектерге, мейрамханалар мен шаштараздарға бұл реформа әсер етпейтінін айтып келеміз. Олар бөлшек сауда режимінде жұмыс істеген тәртіпте қызметін жалғастыра береді. Атап айтқанда, олар үшін өзгермейді, - деді Серік Жұманғарин.

Осы орайда ол ҚҚС мәселесі қай бағытты қамтитынын айтты.

Бұл реформа бөлшектеніп кеткен бизнестің белгілі бір бөлігіне ғана қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істеп, базарда сауда жасайтындарға бұл реформаның әсері жоқ, бөлшек сауда салығы өзгеріссіз қалады, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Серік Жұманғарин қосымша құн салығы шегін неліктен көтеру қажет екенін түсіндірген болатын.

Үкімет қосылған құн салығын 20 пайыз көтеру туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

09.04.2025

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

09.04.2025

Қазақстанда салық саны қысқарады

09.04.2025

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді

07.04.2025
MalimBlocks
Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Трамп Қытай тауарларына салынатын  баж салығын 125%-ға көтерді

Тоқаев әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді

Қазақстанда салық саны қысқарады

Қазақстанда салық саны қысқарады. Бұл туралы еліміздің вице-премьері, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді

Трамп Қытайға ескерту жасап, ойлануға бір күн уақыт берді