Шерзат Болаттың әпкесі елден шығарыла ма?

Қазіргі таңда ол отбасына оралған.

Сабина Асқарқызы

  • 26.12.2024

Атышулы Талғар ісі бойынша 15 тәулікке қамалып, кеше босатылған Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Бақыт Реимова да бостандыққа шығып, отбасына оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы блогер Жан Ахмадиев өзінің желідегі парақшасында жариялады.

Бақыт отбасына өзінің туған күнінде оралды, - деп жазды блогер.

Блогермен бірге Бақыттың қуанышына заңгер Мейірман Шекеев те барған. Реимованың Қазақстанда қалу-қалмауы туралы заңгер алдағы күндері айтатынын, дегенмен елде қалдыру үшін жұмыс жасап жатқандарын айтқан.

Айта кетейік, Алматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті. Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқан. Облыстық Полиция департаменті оның қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін алға тартты.

Ал Шерзаттың әпкесі Бақыт Реимова митингіге үндеді деп айыпталып, сот оны да 15 тәулікке қамап, Қазақстаннан депортациялау жөнінде шешім шығарған.

Фото: Видеодан алынған 

Байланысты жаналықтар

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025

"Кім не айтатынын алдын ала келістік" - Шерзат ісі бойынша айыпталған Абзал Шынасыл

21.05.2025

Шерзат ісі: Абзал Шынасыл Нұрқанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады

21.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks