Соңғы 3,5 жылда жол құрылысынан мемлекетке 9 млрд тг зиян келген

Антикор жол саласындағы жемқорлықты әшкерелеп жатыр

Мәди Саматұлы

  • 13.07.2024

Жартыжылдық кеңейтілген алқа отырыс өткізген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын мәлімдеді. Талдауда алдымен, жұмыстарды жоспарлаудан бастап оларды қабылдауға дейінгі барлық құрылыс процесі зерделенеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Агенттіктің мәлімдеуінше, қылмыстық-құқықтық тәжірибеден белгілі болғаны, ЖСҚ құны асыра бағаланып, ал құрылысқа сапасыз материалдар, жабдықтар мен технологиялар пайдаланылады. Оның үстіне, жұмысты түгел орындамайтын үлестес және жосықсыз компаниялар тартылған.

Жалпы, соңғы 3,5 жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 65 жемқорлық құқықбұзушылық тіркеген, олардан шамамен 9 млрд теңге залал келген.

Жұмыстың екінші бағыты жолдардың ағымдағы құрылысына мониторинг жүргізу.

Бұл бағытта бүкіл ел бойынша 2 трлн теңгеден астам қаржы бөлінген 217 учаске қамтылды. Агенттіктің ерекше бақылауында 12 ауқымды жоба бар.

Агенттік соның ішінде қазірдің өзінде талдау барысында құқықбұзушылықтар анықталып жатқанын жариялады.

Мәселен, 5 өңірде 4,8 млрд теңгеге артық және қайталама жұмыстарды қосу жолымен сметаларды асыра бағалау анықталған. Ал 6 өңірде жүргізілетін жұмыстар тиімсіз жоспарланған.

Мысалы, Абай облысында 20 млн теңгеге шұңқырлы жөндеу жүргізілгеннен кейін, сол аумақта 1 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр.

Көлік министрлігінің Жол активтерінің сапасы орталығының жұмысына ерекше назар аударылады. Небәрі төрт-ақ өңірден Орталық 526 құқықбұзушылық анықтаған, олар кейін жойылмаған да. Талдау қорытындылары туралы Президент пен жұртшылық хабардар етіледі, делінген Агенттік мәлімдемесінде.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болды

05.05.2025

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

30.04.2025

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

30.04.2025

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

23.04.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Қазақстанда қанша генерал бар?

Қазақстанда тағы бір жол ақылы болды

Қазақстан 1,13 трлн теңге заңсыз шығарылған актив пен қаржыны қайтарды

Алаяқтар өзін Антикор төрағасы деп таныстырып, жұртты алдаған

35 млн теңге иемденген: Ақтөбеде шенеунік сотталды

"Ақтөбе қаласының жол қозғалысы және цифрлық технологиялар қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы" КММ директоры сотталды