Су тасқыны: Дағыстан азаматы Атырауға көмек ретінде 50 мың дана қап әкелді

Қазіргі уақытта Астрахан облысының этникалық қазақтары гуманитарлық көмек жинауға кірісіп кеткен.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Омарасхаб Ахмедов сөмке-сөмке қапты Атырау облысына жеткізу үшін тура бір тәулік жүріп келген, деп хабарлайды Malim.kz.

Омарасхаб Қазақстанда су тасып, Ресеймен шекаралас облыста жағалауды нығайту жұмыстарына арналған қаптың жетіспей жатқанын естіген. 

Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғаныс бөгетін бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді. Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім, -дейді Омарасхаб Ахмедов.

Оның айтуынша, оның туған жерінде Атырау облысына гуманитарлық көмек жинап жатқан таныстары мен достары көп. Омарасхабты өз елінде күтіп отыр. Енді  Атырау облысына гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жеткізеді. 

Мен бауырлас халықтың осындай қиыншылыққа тап болғанын білгенде, бірден шығу керек деп шештім, – дейді ол.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астрахан облысының этникалық қазақтары гуманитарлық көмек жинауға кірісіп кеткен. Келесі күні олар жүктерді Атырауға жіберуге ниетті.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

29.03.2025

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

27.03.2025

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

27.03.2025

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

26.03.2025

Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

25.03.2025

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2025
MalimBlocks
Атырау облысында ер адам әйелін жұмыс орнында өлтірген

Атырау облысы Құлсарыдағы емхана қызметкері қанды қылмыстың құрбаны болды. 33 жастағы күдікті бұрынғы әйелін жұмыс орнына іздеп барып, сол жерде бауыздап тастаған

Су тасқыны-2025. Қанат Бозымбаев ел батысындағы жағдаймен танысты

Еліміздегі ірі су қоймаларынан су жіберу басталды

Қазақстанның бес облысында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет

Қазгидромет мамандары Қазақстанда қай аймақтарды су басу қаупі бар екенін айтты

Британиялық мұнай компаниясы Қазақстанға қарсы арыз-шағым түсірді

Бұл талап Атырау облысындағы Кемеркөл кен орнын барлау және игеру туралы келісімшарттың бұзылуынан туындаған

"Қауіп бар". ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады