Су тасқыны: «Дала Қырандары» жастар бірлестігі Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке келді

Олар арыны қатты ағын суды тежеп тұрған бөгеттерді нығайтты.

Malim Админ

  • 11.04.2024

«Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігі Жібек Жолы ауылының тұрғындарына көмекке келді. 10-ынан 11-інші сәуірге қараған түні жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жібек Жолы елді мекеніндегі үйінді бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, «Астана Арлан» командасында сапындағы WCB Дүниежүзілік бокс сериясының Әлем чемпионы Мейірболат Тойтов және Qazaq kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосыновтың басшылығымен Вячеслав су қоймасының жанындағы Жібек Жолы кентіне шұғыл түрде жеткен «Дала Қырандары» ЖҚБ-нің бірнеше жасағы арыны қатты ағын суды тежеп тұрған бөгеттерді нығайтты.

Еске салсақ, бұған дейін, наурыз айында Қоянды ауылының тұрғындарына көмекке келген болатын.

Біздің қырандар аулаларды еріп үлгермеген қардан тазарту арқылы жергілікті тұрғындардың баспаналарына қызыл судың кіруіне жол бермеді. Ал 3 сәуір күні біз Астанадағы гуманитарлық көмек жинау нүктесіне көмектестік. Бұл жолы қажетті заттарды сатып алуға көмектесумен бөлек, біз қайырымды азаматтар жіберген азық-түлік және басқа да дүниелерді сол жерде түгендеп, оларды еліміздің су басқан аудандарына одан әрі тасымалдау үшін көліктерге тиедік. Осы аптада Тайтөбе ауылына саяхат ұйымдастырып, онда да бөгеттерін бекіттік, - дейді жастар бірлестігінің өкілдері.

Фото: видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды