Су тасқыны: Қоғам белсендісі азаматтарды көмек беруге шақырды

Енді қарғын су Атырауға қауіп төндіріп тұр.

Malim Админ

  • 10.04.2024

Су тасқыны қазір 12 облысты тарының қауызына тығып тастады. Бірақ қазақтың пейілі Сарыарқадай кең ғой. Оңтүстігі мен Шығысы, Батысы мен орталығы септесіп, қолдан келген көмегін аямай жатыр. Бүгін Бауыржан Бабажанның жазбасынан оқыдым. Әйелі және жеті баласымен мұз аралас судың ортасында қалған Ойылдың азаматын жерлестері тасқын судан құтқарып алыпты. «Құтқарып алыпты» дегеннің өзі құрғақ сөз. Әйтпесе, сең араласқан тастай суды екі шақырым жерге дейін белуардан кешіп барып, тоғыз адамды аман-есен құрғақ жерге екі сағаттың ішінде алып шығудың өзі ерлік! Тастай суда пәлен сағат шыдап отырған кіп-кішкентай балалардікі де ерлік!

Енді қарғын су Атырауға қауіп төндіріп тұр. Ор қаласында жарылған дамбаның суы бір-екі күнде қалаға жетеді. Түрлі видеодан көріп отырмыз. Жем өзенінен тасыған су қазір Каспийге құйып жатыр екен. Жем болса, қазір өз арнасын тауып, ашуы сабасына түсе бастапты. Ол да бір жақсылықтың нышаны. Ең қиыны – Ресейдегі Иректі су қоймасының көтерілуі еді. Бүгінгі ақпаратқа сәйкес, Иректің су деңгейі төмендей бастапты. Оған да шүкір дейік! Қарғын су апаты бізден өтіп, қар мен мұздың көбесі енді сөгіле бастаған Сібірге ауып барады.

Айқайлағанымызға да біраз уақыт өтті. Енді «ойбай, анау министр неге өйтпеді, мынау әкім неге сөйтпеді?» деп кінәласуды тоқтата тұрып, нақты көмекке кіріскеніміз жөн. Ертең бұл апат та өтер, кетер. Кінәлілер сөзсіз жазасын алар. Жазасын адамнан алмаса, Құдайдың жазасынан құтылмас. Мұның бәрі ертеңгінің ісі. Ал біз назарымызды барынша бүгін не істейміз деген мәселеге аударғанымыз дұрыс. Ең бастысы, ел болып жабылып, көмек беруді тоқтатпайық!

Тоқтар Жақаш

Сурет: Malim.kz  

Байланысты жаналықтар

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

30.04.2025

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

29.04.2025

АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы көмегін қысқартты

26.04.2025

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты

24.04.2025
MalimBlocks
Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Атырауда NCOC-тың бөлім басшысы өлі табылды

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

АҚШ Украинаға киберқауіпсіздік саласындағы көмегін қысқартты

Атырауда RAMS құрылыс алаңында өрт шықты