Шымкентте базар маңынан таксиге отырған оқушы қыз жоғалып кетті

Полицейлерден күдерін үзген анасы халықтан көмек сұрайды

Сабина Асқарқызы

  • 28.01.2025

Арайлым Ермекбайдың жоғалғанына бір аптадан аса уақыт болды. Соңғы рет Алаш базарының маңынан таксиге отырдым деген оқушы қыз одан кейін мүлдем байланысқа шықпаған. Арада апта өтсе де көрдім-білдім деген жан жоқ. Полицейлерден күдерін үзген анасы халықтан көмек сұрайды, деп хабарлайды Malim.kz ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.
 Бір жетіден бері жанары құрғамаған Шынар Әжібекова бұрын-соңды қызының оғаш қылығын байқамағанын айтады. Сабағын оқып, қосымша курсқа қатысып жүрген Арайлым арасында Шұбарсудан Шымкентке келіп жұмыс істеген. Қаңтардың 21-і күні жұмыстан шыққан оқушы қыз 20:30-дар шамасында анасымен хабарласқан. Алаш базарының маңындағы кафелердің біріне ұялы телефонымды қуаттауға кірдім деген ол 1,5 сағаттан кейін де анасының қоңырауына жауап берген. Ол кезде аялдамадан таксиге отырғанын жеткізіпті. Одан кейін не хат жоқ, не хабар жоқ.

Арайлым үйінің екінші перзенті. Атамекен жалпы орта мектебінде 11-сыныпта оқиды. Дәрігер болуды армандайды. Біреуге ашылып сырын да айта бермейтін, дейді анасы.

17 жастағы қыздарын 2 тәулік бойы өздері іздеп таппаған соң, Абай аудандық ПБ хабарласқан. Одан бері арада 5 күн өтіпті.

Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз жоғалған қыз туралы арыз бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Іздеу жұмыстарына Шымкент қаласы полиция департаментінің кешенді күштері мен құралдары жұмылдырылды, аудандық бөлімдердің жеке құрамы мен көрші өңірлердің полиция департаменттеріне бағдар жолданды, дейді Шымкент ПД баспасөз хатшысы Бағлан Исатаева.

Полициядан күдер үзген оқушы қыздың ет жақындары халықтан көмек сұрайды. Арайлым Ермекбайдың бойы шамамен 160 см, аққұба келген, шашы қоңыр-қара түсті, бетінде аздаған секпілі бар. Сол күні үстіне қара түсті спорттық киім мен жеңсіз күртесі болған. Ал, аяғында ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім, қолына кішкене ғана сөмке ұстапты. Арайлым жайлы қандай да бір ақпарат білген жандарға туыстары 102 және 8 747 385 98 11 нөміріне хабарласуын сұрайды.  

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

13.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Тоқаев Шымкентке барды

11.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

Шымкент және Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Тоқаев Шымкентке барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты