freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аптап ыстық әйгілі жазғы шаңғы маусымын тоқтатты

Әлем
Аптап ыстық әйгілі жазғы шаңғы маусымын тоқтатты
https://phototravelguide.ru

Еуропада жазғы шаңғы тебудің соңғы орындарының бірі саналатын Италиядағы Стельвио мұздығында шаңғы маусымы аптап ыстыққа байланысты уақытша тоқтатылды. Стельвио мұздығының оператор компаниясы SIFAS шаңғы трассаларын 15 тамыздан бастап белгісіз мерзімге жабу туралы шешім қабылдаған.

Компанияның мәліметінше, соңғы апталарда биік таулы аймақтарда да ауа температурасы жоғары болып, түнгі уақытта қар жамылғысы жеткілікті деңгейде суып, қайта қатпаған. Бұған қоса жиілеген найзағай мен дауыл мұздықтың жағдайын одан әрі қиындатқан. Мұндай жағдайда жазғы шаңғы үшін қажетті сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қамтамасыз ету мүмкін болмаған.

Стельвио мұздығындағы жазғы шаңғы маусымы әдетте мамырдың соңынан күзге дейін жалғасатын. Биыл жоспар бойынша маусым 1 қарашаға дейін созылуы тиіс еді. Алайда аптап ыстық салдарынан шаңғы тебу тамыздың ортасында тоқтады. Мұздыққа көтерілетін аспалы жолдар әзірге жұмысын жалғастырып отыр.

Бұл жағдай Альпідегі жазғы шаңғы туризмі үшін маңызды белгі болып отыр. Бұған дейін Швейцариядағы Церматт пен Саас-Фи курорттары да жоғары температура мен мұздықтардың қолайсыз жағдайына байланысты жазғы шаңғы қызметін тоқтатқан еді. Нәтижесінде Стельвионың жабылуы биыл Альпіде жазғы шаңғы тебудің іс жүзінде толық тоқтауына әкелді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу