freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ФИФА-ның тағы бір вице-президенті Инфантиноға қарсы шықты

Спорт
ФИФА-ның тағы бір вице-президенті Инфантиноға қарсы шықты
Getty Images

ФИФА вице-президенті, Венгрия футбол федерациясының президенті Шандор Чаньи ұйым басшысы Джанни Инфантиноны ашық сынап, оған деген сенімін жоғалтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Чаньидің Инфантиноға жолдаған хаты журналистердің қолына түскен. Ол бұл хатты ФИФА-ның бас операциялық директоры Кевин Ламурдың қызметінен босатылуынан кейін жіберген.

Венгриялық шенеунік Инфантиноның кәсіби біліктілігіне, этикалық ұстанымдарына және көшбасшылық қабілетіне күмән келтірген. Оның айтуынша, Ламурдың қызметтен кетуі - Инфантиноға деген сенімінің жоғалуына себеп болған «соңғы тамшы».

«Мен бұрын Инфантиноға артқан сенімімді жоғалттым. Ламурдың қызметтен босатылуы мен үшін соңғы тамшы болды», - деген Чаньи.

Осылайша, Чаньи Инфантиноның қызметтен кетуін талап еткен ФИФА-ның сегіз вице-президентінің бесеуіне қосылды.

Бұған дейін ФИФА ерлер, әйелдер және клубтар арасындағы әлем чемпионаттарына қатысты коммерциялық құқықтарды жеке инвесторларға беру жоспарын қарастырған болатын.

Бұл бастамаға жауап ретінде УЕФА құрамындағы барлық ұлттық федерациялар ФИФА турнирлеріне бойкот жариялау мүмкіндігін көтеріп, ұйымнан бұл жобадан толық бас тартуды талап етті.

УЕФА-ның бұл ұстанымын Америка мен Азия конфедерациялары да қолдады. Олар ФИФА-ны жаңа коммерциялық тұжырымдаманы әзірлеу кезінде ашықтықтың жеткіліксіздігіне айыптады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу