freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

180 млн теңге: Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындар ойнаған

Қоғам
180 млн теңге: Алматы облысында жеке сот орындаушылары құмар ойындар ойнаған
Фото: kursiv.media

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңселерде тұрақты түрде құмар ойындар ойнағаны анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жеке сот орындаушылары букмекерлік кеңселердегі ойын шоттарын жүйелі түрде толықтырып отырған. Олардың құмар ойындарға жұмсаған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтаған.

Тексеру барысында жеке сот орындаушыларының бірі үш жыл ішінде букмекерлік ойын шотына 139 млн теңге, ал тағы бірі 26 млн теңге аударғаны анықталған.

Прокуратура өкілдері маңызды функцияларды атқаратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келетінін атап өтті.

Ведомствоның пікірінше, мұндай жағдайлар жеке сот орындаушылары институтына деген қоғам сеніміне кері әсер етуі мүмкін.

«Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Құзырлы органдар жеке сот орындаушыларына қатысты қандай нақты шара қабылданатынын қосымша хабарлайтын болады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу