freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ресей бензинді сырттан сатып алуға мәжбүр болды

Әлем
Ресей бензинді сырттан сатып алуға мәжбүр болды
gazeta.ru

Ресей мұнай өндіретін ірі елдердің бірі бола тұра, ішкі нарықтағы тапшылықты жабу үшін бензин импорттай бастады. Ресей билігі елге шетелден жанармай жеткізіліп жатқанын ресми түрде растады.

Reuters мәліметінше, Үндістаннан Ресейге шамамен 68 мың тонна бензин жеткізілген. Жүк Ресейдің Арктикадағы Витино портына тамыз айының басында келген. Алдағы екі аптада Үндістаннан тағы кемінде екі бензин партиясы жеткізілуі мүмкін.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Украина әскерінің мұнай өңдеу зауыттары мен мұнай инфрақұрылымына жасаған дрон шабуылдарынан кейін күшейген. Бұған маусымдық сұраныстың артуы да қосылған. Тамыз айында Ресейдің кемінде он өңірінде бензин сатуға қайтадан шектеу енгізілді.

Мәскеудің өзінде де жанармай сатуға лимит қойылды. «Роснефть» бір көлікке 30 литрге дейін бензин сатуды шектесе, «Газпром нефть» автоматтандырылған бекеттерде 40 литр, кәдімгі бекеттерде 60 литр көлемінде шектеу енгізген. Кейбір жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болған.

Ресей билігі ішкі нарықты тұрақтандыру үшін бұған дейін жанармай экспортын шектеп, енді мұнай өнімдерін импорттауға көшті. Ел Беларусь пен Қазақстаннан да бензин жеткізуді ұйымдастырып жатыр.

Ресейдің мұнай экспорттаушы елден бензин импорттаушы мемлекетке айналуы Украинадағы соғыстың елдің энергетикалық инфрақұрылымына түсіріп отырған қысымын көрсетеді. Бұл жағдай Ресейдің өзімен қатар Орталық Азиядағы жанармай нарығына да әсер етуі мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу