Шымкентте дәрігерлер инсульт алған науқасты мас деп ойлап, көмек көрсетпеген

Алғашқы көмек көрсетілмегендіктен науқас комаға түскен.

Сабина Асқарқызы

  • 24.05.2024

Шымкентте миына қан құйылған науқасты дәрігерлер мас деп ойлап, көмек көрсетуден бас тартыпты, деп хабарлайды Malim.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, жолда өзін жайсыз сезінген әйелді көшедегі бейтаныс адамдар №1 ауруханаға жеткізген. Бірақ науқастың құсып жібергенін көрген кезекші дәрігер ішімдікке тойып алған деп, палатаға кіргізіп, ұйықтатып тастаған.

Бірінші көмек көрсетілмеген. Кейін кезекші дәрігерге барсам, "Рентгенге түсірдік, қол-аяғы, басы сау, үйге алып кете беріңіз, жай ғана мас, ұйықтап жатыр" деді. Қалай енді бұл? "Уланған шығар, иісі жоқ" деп айтсам да, көңіл аудармады, - дейді науқастың күйеуі Құттымұрат Азтаев.

Инсульт алған Қалдыкүл Мамытова палатада екі сағаттай жатып қалған. Тек күйеуі келген соң токсикология бөлімшесіне апарып тексертіпті. Тек сонда ғана инсульт белгілерін анықталған. Дереу өзге ауруханаға апарып, басына ота жасалғанша, арада алты сағат уақыт өтіп кеткен. Миына көп қан құйылған 45 жастағы науқас комаға түскен.

Әйелінің мүлде ішімдік ішпейтінін айтқан күйеуі ісіне салғырт қараған дәрігердің үстінен полиция мен прокуратураға шағым түсірді. Ал ауырып келген адамды "мас" деп ойлаған дәрігер науқастың құсқанын көріп, қате жормал жасадым деп ақталып отыр.

Арбамен әкелді. Үсті-басы бәрі құсық. Ішкен шығар деп ойладым. Анализінен ештеңе шықпады. Анализ кейін көрсетеді. Сөйтіп токсикологияға тапсырып келіңдер дедім. Болды, басқа ештеңе болған жоқ, - дейді нейрохирург Қанат Мырзабаев.

Фото: Видеодан скрин

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Алаяқ Free Fire аккаунтын сатамын деп оқушыдан 2 млн теңге алған

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты