Табысы аз азаматтарға несие беру талаптары қатаңдайды

Арман Қайыпхан

  • 16.02.2025

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктермен кеңес өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиын барысындақазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайту шаралары талқыланды. Табысы төмен азаматарға несие беру талаптары күшеймек.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктерді қарызын қайтара алмайтындарға несие бермеу үшін азаматтардың төлем қабілеттілігін мұқият тексеруді міндеттеуді ұсынды. Сондай-ақ қаразын мерзімінен кешіктірген қазақстандықтардың берешегін одан әрі арттыруға шектеу енгізгісі келетінін жеткізді.

Агенттік банктердің қаржылық тұрақтылығына теріс әсер ететін “нашар” несиелердің жиналуының алдын алу үшін қосымша шараларды (нормативтік және заңнамалық) қарастырады.

Банктер проблемалық тұтынушылық несиелерді қайта құрылымдау жұмыстарын жалғастыруы керек. Яғни, қарыз алушылар қарызды өтеу кезінде қиындықтарға тап болған жағдайда, олар несиелердің шарттарын қайта қарастырады. Ең алдымен қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ кездесуде "Даму" қоры негізінде шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелерін кепілдендіру қоры құру мәселесі қаралды.

Банктер мен мемлекет кепілдік қорының шарттарын талқылауды жалғастырады. Бұл көптеген кәсіпорындардың қордан кепілдік алуына мүмкіндік береді.

Ведомстволар арасындағы өзара әрекеттестікті жақсарту үшін Жобалық кеңсенің рөлі күшейтіледі. Бұл банктер мен "Бәйтерек" холдингі қатысатын синдикацияланған несиелер арқылы ірі жобаларды қаржыландыруға көмектеседі.

Фото: Рixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

11.04.2025

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

09.04.2025

«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

18.03.2025

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

05.02.2025

Ақтаудағы Алинаның өлімі: Рәсімделген несиені кім төлейді

04.02.2025

Елімізде автонесие рекордтық көрсеткішке жетті

27.01.2025
MalimBlocks
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылдады

1-тоқсанда тұтынушылық сұраныс бәсеңдеген

Жаңа заң: енді кімге несие алуға тыйым салынады

«Меценат күйеуіміз жоқ». Кредит алатын адамдарды кінәлаған Динара Сәтжанның өзі сөзі естіді

Ол қаржылық сауаттылық туралы ойын ортаға салды.

Алматыда 19 жастағы жігіт 26-дағы қызды қылқындырып, қарға көміп кеткен

Қаскөй кінәсін толық мойындаған

Ақтаудағы Алинаның өлімі: Рәсімделген несиені кім төлейді

Елімізде автонесие рекордтық көрсеткішке жетті