Талғар қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

15 қазан күні Бақыт Күрішбеков әкім қызметінен босатылды

Malim Админ

  • 18.11.2024

Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Байбатыров тағайындалды.


Бауыржан Байбатыров 1987 жылы 29 қазан күні дүниеге келген. Білімі — жоғары. Орталық Азия Университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 8 жыл.

Еңбек жолын 2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маман болып бастаған. 2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды. 2023 жылдан бері Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Осыған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Нұржан Абдалимов тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Еске салайық, 15 қазан күні Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылған болатын. 

Фото: Талғар қаласының әкімдігі