Талғардағы шиеленісті жағдай. Депутаттар пікір білдірді

Шынайы ақпарат халыққа дер кезінде жетпеді

Malim Админ

  • 11.12.2024

Талғардағы жағдай  шиеленісе түсті. Бүгін Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды. Осы мәселеге байланысты  Malim.kz мәжіліс депутаттарының пікірін білді.  

Абзал Құспан бұл ретте халықтың алаңдауы орынды деп отыр. Құқық қорғау органдарының есебін тыңдау үшін парламентке шақыруды ұсынып, мәжіліс төрағасына жөнелтіпті. 

«Ең жоғары деңгейде қадағалауға алдық, бақылауда ұстап отырмыз дегеннің өзінде трагедия жалғасын тауып жатыр. Әр түрлі ойларға жетелейді. Өзіміз де нақты бірдеңе айта алмаймыз. Құқық қорғау органдары бізге есеп бермейді. Олар қауіпсіздік кеңесіне бағынады», деп түсіндірді мәжіліс депутаты.  

Депутат өз тарыпанан төрағаның алдында ашық тыңдалым өткізуді ұсынды. «Егер ұсыныс қолдау тапқан жағдайда регламентке сай барлық БАҚ қатыстырылады. Мәселені шешудің бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын» дейді А.Құспан.

Ал мәжілісмен Ардақ Назаров Талғардағы жағдай туралы айтқанда елдің тұтастығын, тәуелсіздігін ойлау керек дейді. 

«Қазір бізге ең маңыздысы, елдің ауыз-біршілігі, тәуелсіздігіміздің баяндылығы. Егемендігімізге селкеу түсіргісі келген әлдекімдер әртүрлі құйтұрқы әрекеттерге баруда. Бұлай болмайды. Сондықтан дұрыс ақпарат таратпаса, халықты дүрліктірсе, бүлік шығаратын болса міндетті түрде жазалануы керек. «Мұның басында кім тұр, не үшін бұлай жасап жатыр?» деген мәселелер зерттеп, зерделенуі керек. Сонда басқаларға сабақ болады»,-деді Назаров. 

 Депутат Данияр Қасқарауов та Талғардағы оқиға бойынша пікір білдірді. Ол марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың әрекетіне байланысты ойын айтты.  Пікірінше, ұлы Шерзат қаза тапқан кезде де шынайы ақпарат халыққа дер кезінде жетпеді. Бауыры Нұрқанаттың жағдайынан соң “Нервный срыв болуы мүмкін”. Мен Қаржаубаймен сөйлестім» деді Қасқарауов. 

Ал депутат Олжас Құспеков Талғардағы жағдайдың шиеленісуіне медиацияның жоқтығы себеп болғанын айтты.
Қаржаубай Нұрымовтың қамауға алынуы, жағдайдың ушығуын келіссөз жүргізу, араағайындық қызметтердің әлсіздігінен дейді ол. Айтуынша, тергеудің құпия болуы да жағдайды ушықтырып отыр. 

Фото: ulysmedia.kz 

Байланысты жаналықтар

Шерзат Болаттың әпкесі Қазақстаннан қудалана ма? Адвокат жауап берді

17.12.2024

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты сотқа апелляциялық шағым жолдамақ

11.12.2024

Талғардағы жағдай. Депутат Абзал Құспан парламентте ашық тыңдалым өткізуді ұсынды

11.12.2024

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

11.12.2024

Шерзат ісі бойынша сот қалай өтеді? Жоғарғы сот жауабы

14.11.2024

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура

31.10.2024
MalimBlocks
Шерзат Болаттың әпкесі Қазақстаннан қудалана ма? Адвокат жауап берді

Бақыт қазір Ұзынағаштағы уақытша ұстау изоляторында

Қаржаубай Нұрымовтың адвокаты сотқа апелляциялық шағым жолдамақ

Қорғаушылар тарапы Қаржаубайдың эмоциялық жағдайын түсіндірген

Талғардағы жағдай. Депутат Абзал Құспан парламентте ашық тыңдалым өткізуді ұсынды

«Мәселені шешудің бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын» дейді А.Құспан

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды

Әпкесі Бақыт Реймова елден депортацияланатын болды

Шерзат ісі бойынша сот қалай өтеді? Жоғарғы сот жауабы

Онлайн-трансляция туралы шешімді судья қабылдайды

Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? Бас прокуратура

Үй өртеуге қатысты іс тергеліп жатыр