Талғардағы жағдай. Депутат Абзал Құспан парламентте ашық тыңдалым өткізуді ұсынды
«Мәселені шешудің бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын» дейді А.Құспан
Талғардағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәжілісмен Абзал Құспан халықтың алаңдауы орынды деп отыр. Құқық қорғау органдарының есебін тыңдау үшін парламентке шақыруды ұсынып, мәжіліс төрағасына жөнелтіпті.
«Ең жоғары деңгейде қадағалауға алдық, бақылауда ұстап отырмыз дегеннің өзінде трагедия жалғасын тауып жатыр. Әр түрлі ойларға жетелейді. Өзіміз де нақты бірдеңе айта алмаймыз. Құқық қорғау органдары бізге есеп бермейді. Олар қауіпсіздік кеңесіне бағынады», деп түсіндірді мәжіліс депутаты.
Депутат өз тарыпанан төрағаның алдында ашық тыңдалым өткізуді ұсынды. «Егер ұсыныс қолдау тапқан жағдайда регламентке сай барлық БАҚ қатыстырылады. Мәселені шешудің бұдан басқа жолын көріп тұрған жоқпын» дейді А.Құспан.
Фото: Inbusiness.kz