Танымал журналист өзінен үлкен қыз-келіншекке қырындайтын жігіттер қауымын сынады

Журналист ажырасқанына қарамастан отбасы беріктігіне мән беретінін айтқан.

Сабина Асқарқызы

  • 01.07.2024

Танымал тележүргізугі Әйкерім Есенәлі "Райм мен Ерке" тенденциясынан шошитынын айтып, жұптардың арасындағы жас айырмашылығы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Журналистің айтуынша, өзінен жасы үлкен қызға үйленгісі келетін жігіттер қиындықтан қашып отыр. 

Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба? – деп жазды медиа маманы. 

Сондай-ақ жеке өміріне де тоқталып, ажырасқаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін де айтып берді. 

Мен ажырасқаныммен, отбасы институтының қадір-қасиеті санамда төмендеген жоқ. Біздің қоғам тек көңілі тоқ, сана-сезімі шекарасыз, адами қасиеттері мықты, отансүйгіш азаматтарымен мықты. Бұл ретте отбасы беріктігінің маңызын барлығымыз жақсы түсінеміз. Жеке тәжірибеме қарамастан, жалпы адами құндылықтарға көзқарасым сол қалпы, – деп жазды журналист. 

Фото: әлеуметтік желі

Байланысты жаналықтар

Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

03.04.2025

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

31.03.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Тәуекел Мүсілім үшінші ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды

26.03.2025

Сабина Алтынбекова ажырасуына қатысты мәлімдеме жасады

15.03.2025

Қазақстанның ең сұлу волейболшысы күйеуімен ажырасып кетті

13.03.2025
MalimBlocks
Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқан

Сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман бұрынғы күйеуінің отбасы алимент төлеуден толығымен бас тартқанын айтты

«Жоғал, құрып кет, иттің баласы»: Айнұр Тұрсынбаева баланы қалай тәрбиелеу керегін түсіндірді

Айтыскер баланы қорқытудан аулақ болу керегін атап өтті

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Тәуекел Мүсілім үшінші ұлына қандай есім қойғаны белгілі болды

Тәуекел мен Махаббат үшінші рет ата-ана атанды

Сабина Алтынбекова ажырасуына қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның ең сұлу волейболшысы күйеуімен ажырасып кетті

Сабина Алтынбекова 2020 жылдың соңында тұрмысқа шыққан