«Таза Қазақстан»: Маңғыстауда «Ыбықты-Сай» шатқалында сенбілік өтті

Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды.

Malim Админ

  • 17.04.2024

«Таза Қазақстан» атты экологиялық акция аясында қала белсенділері «Ыбықты-Сай» тарихи орнына тазалық жұмыстарын жүргізді , деп хабарлайды Malim.kz Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап.

Бұл акцияға облыстық «Жастар» ресурстық орталығының өкілдері және «Yessenov» колледжінің студенттері белсене қатысты.

Маңғыстау облысы еріктілерінің ұйымдастыруымен Ыбықты-Сай шатқалына сенбілік өткізуді ұйғардық. Киелі өлкенің көрікті жерлеріне саяхаттайтын туристер ағыны жыл сайын артып келеді, табиғат-Ананың қымбат қазынасы ретінде мұндай жәдігерлердің бастапқы қалпын бұзбай, жайнап тұруы тікелей бізге байланысты. Ұрпақтың жарқын келешегі туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталады, - деді қала еріктісі Амангүл Жамкен.

Ыбықты-Сай шатқалы Ақтаудан 60 шақырым жерде орналасқан. Ол Қазақстанның ең терең ойпатында - Қарақияда орналасқан. Бұл шатқал - табиғаттың ерекше туындысы. Көптеген адам оны ашық шатқал деп атайды. Миллиондаған жыл бойы жаңбыр мен жел мүжіп, мінсіз мүсіндеген шатқалдар көркімен көз баурайды. Таңғажайып лабиринттер мен аркалардың әлеміне енгендей күй кешесіз.

Фото: Қоғамдық коммуникациялар орталығы

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай экологиялық акция өтті

01.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Маңғыстауда қызғалдақ үстіне дастархан жайылған: желіде видео тарады

28.04.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр