Тойда тапанша, автоматпен оқ атқан блогер ұсталды
Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында өткен тойда атыс қаруын қолданған құқық бұзушыларды полиция ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасағының жауынгерлерімен барлық құқықбұзушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Атыс қаруын қолданған бұзақылық фактісі бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды», - делінген ақпаратта.Қ
арулар тиісті сараптамаға жолданды.
Аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.
Бұған дейін Алматы көшелерінде автомат пен тапаншадан оқ атып, той тойлаған жастардың видеосы тараған еді.
Фото: Polisia.kz