Тұман, көктайғақ: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады

Malim Админ

  • 22.11.2024

Синоптиктердің болжамына қарағанда, 22 қарашада елдің барлық дерлік өңірінде ауа райы қолайсыз болады, кей өңірде тұман түсіп, екпіні күшті жел соғады, ал енді бір өңірлерде қалың қар жауып, көктайғақ болады.    


Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Астанада түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Түнде және таңертең тұман.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Фото: freepik.com  

Байланысты жаналықтар

12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

12.11.2024

Көктайғақ, тұман. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырды

11.11.2024

Қар, боран, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

08.11.2024

Ауа райына байланысты 5 өңірдегі маңызды автожолдар жабылды

07.11.2024

Тұман, көктайғақ: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

31.10.2024

Елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды

28.10.2024
MalimBlocks
12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Көктайғақ, тұман. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырды

Бірнеше аймақта дауыл соғады

Қар, боран, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Ауа райына байланысты 5 өңірдегі маңызды автожолдар жабылды

ТЖМ тұрғындарға бірнеше ескерту айтты

Тұман, көктайғақ: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады

Елімізде ауа райына байланысты ескерту жасалды