Тұшпарадан емес: СҚО-да бір үйдің екі баласы неден уланып қайтыс болғаны анықталды

Қайғылы оқиға 13 маусымда болды.

Берік Дәулетов

  • 09.07.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Надежка ауылында әйел мен үш баласы уланып, ауруханаға түскен. Өкінішке қарай, екі бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады. Арада төрт апта өткен соң, полиция сараптама нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қайғылы оқиға 13 маусымда болды. Үш және алты жастағы екі бала уланып қайтыс болды. Ал он жастағы бала мен олардың 28 жастағы анасы ауыр жағдайда реанимацияда жатты. Дәрігерлер оларды аман алып қалды.

Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар сараптама жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша балалар нитриттермен жедел уланған. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бастапқы нұсқа бойынша, отбасы тұшпарамен уланған деп болжанған.

Жергілікті мессенджерлерде өндірушілер су тасқыны кезінде қайтыс болған жануарлардың еті пайдаланғаны туралы жалған ақпарат тарады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жүргізілген сараптамалардан кейін отбасы жеген өнімдерден күдікті ештеңе таппады.

Дегенмен, олар жеген тұшпараны үйдегі тұшпара өндірушісі дайындаған.

Мұндай қызмет түріне оның рұқсат құжаты болмаған. Бұл факт бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың өліміне токсикалық тамақ инфекциясы, жұқпалы токсикалық шок және мидың ісінуі себеп болған. Сарапшылар уланудың себебін анықтап жатыр.

 

Фото: razrisyika.ru

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

27.05.2025

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

24.05.2025

Мысырда Ақмарал Мұқанованың өлімі: СІМ істің мән-жайын айтты

21.05.2025

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

20.05.2025

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

20.05.2025

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған

19.05.2025
MalimBlocks
Түркістан облысында балабақшада 24 бала тамақтан уланды

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Мысырда Ақмарал Мұқанованың өлімі: СІМ істің мән-жайын айтты

Қазақстан жолдарында жыл сайын 300-ден астам бала көз жұмады

Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді

Көкшетауда ер адам әйелін пышақтаған