Туыстары өлтіреді деп үйінен қашқан шешен қызын Атырау полициясы ұстады

ПД мәліметінше, оны Шешенстандағы туыстарынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскендіктен ұстаған.

Сабина Асқарқызы

  • 06.02.2025

Атырау облысының полициясы 24 жастағы шешен қызы Эльза Солтаеваны ұстаған, деп хабарлайды malim.kz.

Желіде жас қызды босатуды сұраған үндеулер пайда болды. Кейін Атырау облысының полиция департаменті жауап берді.

ПД мәліметінше, оны Шешенстандағы туыстарынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскендіктен ұстаған.

Полицияға 2000 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматшасы із-түссіз жоғалды деген хабарлама келіп түскен. Азаматша анықталып, Мақат аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Оның өз еркімен үйінен кеткені анықталып, түсініктемесі алынып жіберілді, - деді Атырау облысының полиция департаменті.

Осының алдында ресейлік құқық қорғаушы Светлана Анохина өзінің парақшасында Доссор ауылында полиция ұстаған кезде Эльза Солтаеваның құжаттарын алып қойғанын жазған болатын.

Эльза Солтаева 3 ақпанда тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан үйден өз еркімен қашып кеткен.  Ол сондай-ақ оны полиция ұстап алғанын және (құжаттарын алып алғанын және бермей жатқанын( хабарлады.

Менің артымнан туыстарым келе жатқанын білемін. Олар жақын арада болады, олар мені өлтіреді деп қорқамын, - дейді Эльза Солтаева.

Фото: Видеодан скриншот

Байланысты жаналықтар

Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

14.04.2025

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

14.04.2025

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

13.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

11.04.2025

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады

10.04.2025
MalimBlocks
Киберполиция "мемлекеттік грант алып беремін" деп алдаған алаяқты ұстады

Сот аумағынан қашқан күдікті ұсталды

«ҚазМұнайГаз» Атыраудағы ірі өндіріс орнын ресейлік компанияға сатты

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қазақстанда кімге көлік тізгіндеуге тыйым салынған?

Полиция Қазақстанда көлік тізгіндегендерге қатысты жас шектеуі мен тыйымдар туралы айтты

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты полиция ұстады