457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үкімет: Су басқан аймақтардан 11 мыңнан астам адам көшірілді

Бүгінге дейін су тасқыны салдарынан Төтенше жағдай туындаған өңірлерден 11 мың 306 адам эвакуацияланған.

Олардың ішінде, 5 мың 456 адам уақытша бекеттерге жайғастырылған. Бұл туралы үкіметте өткен су тасқынына қарсы құрылған республикалық штаб отырысында белгілі болды.
Штаб басшысы, премьер-министр Олжас Бектенов тасқын су мәселесіне орай жауапты министрлер мен әкімдер есебін тыңдады.
Қазірде құтқару жұмыстарына 7 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам түрлі техника тартылған. Штаб отырысында су шайған 40 автожол, көпірлер мен 39 жол төсемін қалпына келтіру бақылауға алынғаны айтылды.
Жергілікті әкімдіктер қажетті азық-түлік пен өзге де қажетті заттар қорын жасақтаған. 
Тасқын салдарынан бұзылған, жарамсыз үйлерді қалпына келтіру үшін әкімдіктер резервінен қажетті қаражат қарастырылуда.
«Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы іс-шараларды қанағаттанарлықсыз деп сынға алды. Қазірден бастап апаттан келген залалдың көлемін бағалауды бастап, зардап шеккен адамдарға дереу материалдық көмек көрсетуге кірісу керек. Сондай-ақ болашақта мұндай ауқымды су тасқынының алдын алу үшін кешенді шаралар әзірлеу қажет. Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс», - деді Олжас Бектенов.  

Фото: ҚР Үкіметі