Халықтың ақшасына шетелде оқыған Айгүл Иманбаева сынға қалды

Оны бір жыл бойы шоппинг жасады дейді.

Сабина Асқарқызы

  • 15.05.2024

Белгілі қоғам белсендісі, журналист Гүлбану Әбенова «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алған танымал әнші Айгүл Иманбаеваны сынады, деп хабарлайды Malim.kz.

Белсендінің айтуынша, әнші ағылшын тілінен емтихан тапсырмаған. Сондай-ақ оған оқуына қатысты бірде-бір жазба жарияламағанына шүйлікті.

«Болашақ» бағдарламасының 50 жастағы студенті Лондоннан оралды. Instagram парақшасынан байқағанымыздай, ол бір жыл бойы "шоппинг жасап, күшті көңіл-күйде" жүрді. Ағылшын арт-менеджменті туралы бірде-бір жазба жариялауды жөн деп таппады. Ол Тұманды Альбиондағы бір жылдық демалысы үшін кімге алғыс айтады? Әрине, PR және роудшоу министрі Саясат Нұрбекке. Өйткені, ол Саясат Нұрбектің арқасында ағылшын тілінен емтихан тапсырмай-ақ, салық төлеушілердің ақшасы есебінен ағылшын тілінде оқуға кетті, - деп жазған Гүлбану Әбенова.

Ол бұған қоса Димаш Құдайбергенге қатысты оқиғаны баяндады.

Дәл осындай бақытты билетті Саясат Нұрбек тағы бір музыкалық орындаушыға, Димашқа сыйлаған болатын. Бірақ менің:"табысты және өзін қамтамасыз ететін Димаш өз есебінен шетелге оқуға баруға, сондай-ақ басқа дарынды түлектерге оқу ақысын төлеуге қауқарлы" деген шулы жазбамнан кейін ол "Болашақ" стипендиясынан бас тартатынын мәлімдеді. Мықты! Кейінірек ол кинорежиссер ретінде оқуға америкалық мектепке барды… - деп жазған қоғам белсендісі.

Айта кетейік, әнші Айгүл Иманбаева бірер күн бұрын Англиядағы оқуын тәмамдап, Instagram парақшасында диплом алғанын жазған еді.

Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос,орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын.
Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес және әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық, - деп қуанышымен бөліскен еді.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

10.04.2025

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады

09.04.2025

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

09.04.2025

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

08.04.2025

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

02.04.2025
MalimBlocks
«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

«Менен әлдеқайда жас»: Айгүл Иманбаева күйеуі туралы сауалға жауап берді

Ол мұны жасырмайтынын айтты.

«Қатты ренжіттім»: Айгүл Иманбаева Қарақат Әбілдинадан кешірім сұрады

Айгүл Иманбаева әдейі құрбысы ұнататын гүл шоғын алған.

Шетелдегі соғысқа барып жатқандарға өмір бойына сотталатыны ескертілді

"Өмір бойына бас бостандығынан айырылу". ІІМ шетелде әскери қақтығыстарға қатысқысы келетіндерге ескерту жасады

ІІМ Қазақстан азаматтарын шетелде әскери қақтығыстарға қатысу үшін ақша алуға қатысу жауапкершілігі туралы ескертті

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген