Жайық күрт көтерілуі мүмкін: Атырауда колледж студенттері қауіптің алдын алып жатыр

Еріген қар суын бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.

Malim Админ

  • 09.04.2024

Атырау облысында жергілікті тұрғындар мен колледж студенттері Жайық өзенінің күрт көтерілуі мүмкін деген болжамға байланысты көмекке келіп, бөгет тұрғызып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор елді мекенінің Мұнай және технология колледжінің оқытушылары  мен студенттері төтенше жағдайға байланысты су тасқынының алдын алу үшін көмектесуге келдік. Таңертеңнен бері қалаға кіреберістегі Соколок каналы аумағында жұмыс істеп жатырмыз. Жайық өзенінен тасқын су осында келеді деген соң, жергілікті тұрғындармен бірге алдын алу жұмыстарын жүргізіп, құм салынған қаптармен бөген тұрғызып жатырмыз, - дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Қайыржанқызы.

ТЖМ мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында Теректі ауданы Ұзынкөл ауылынан 7 шақырым жерде Ұзынкөл су қоймасындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде. Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде су деңгейінің көтерілуі сақталуда. Орал өзеніндегі Ириклин су қоймасынан су ағызу 2170 м3/сек құрайды. Росгидрометпен үнемі гидрологиялық мәліметтер алмасылады. Жазғы коттедждер су астында қалып отыр және Орал қаласының "Утюгный затон" саяжайын су басу қаупі бар. Жайық және Шаған өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне, су тасқыны қаупінің сақталуына және саяжай алаптарының су басуына байланысты 6, 7 сәуірде теле және радио хабарларын тарату жүйесі қармалды.

Фото: Өркен ЖОЯМЕРГЕН

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

06.05.2025

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды

01.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Жайыққа батқан жасөспірім үш күннен бері табылмай жатыр

Құтқарушылар солтүстіктегі ауылды тасқын судан қорғап қалды