457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Залал – 4 млрд теңге: Жетісай білім бөлімінің 46 қызметкері сотталды

Түркістан облысында Жетісай білім бөлімінің 46 қызметкері бір мезетте сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жетісай аудандық білім бөлімінің 46 қызметкерлері сеніп тапсырылған мүлікті иемдену әрекеттері бойынша қылмыстық істі қарады.

Тергеу органымен: 

бөлім басшысы М. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену) айыпталды; 

бөлім басшысы Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену), 28-бабының 4-бөлігімен, 367-бабының 4-бөлігімен (аса ірі көлемде пара беруге айдап салу) айыпталды;

бөлім есепшісі Ш. ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі көлемде сеніп тапсырылғанмүлікті иемдену), 218-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшерде қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру) айыпталды; 

43 есепші ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған (аса ірі көлемде сеніптапсырылған мүлікті иемдену). 

"Сотта Жетісай аудандық білім бөлімінің лауазымды қызметкерлері (М. және Ш.), сондай-ақ мектептердің 44 есепшісі адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы мектептерде жұмыс істемейтін таныстары мен туыстарының банктік есеп шоттарына негізсіз ақша қаражаттарын жалақы ретінде аударып, бюджет қаражатын иемденгені анықталды", делінген сот хабарламасында.

Нәтижесінде, сотталушылардың 2021-2023 жылдар аралығында қылмыстық іс әрекеттері салдарынан, мемлекетке 4 млрд теңгеден астам шығын келген.

Сотта, сотталушы М. және Ш. өз кінәларын мойындамады, қалған сотталушылар кінәларын мойындап, келтірілген шығынды өтегендерін ескер іп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

43 сотталушы (мектеп бухгалтерлері) мемлекетке жалпы 800 млн теңгеден астам иемденген қаражатты қайтарды.

Фото: pixabay