Жеңіс күніне арналған әскери шеруге 2,5 млрд теңге бөлінбек

Арман Қайыпхан

  • 12.02.2025

Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада әскери шеру өтеді. Шерудің ұйымдастыру жұмыстарына бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды Malim.kz.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамович мемлекеттік бюджеттен бөлінетін 2,5 миллиард теңгенің неге жұмсалатынын тізбектеп берді.

“Бұл қаражат жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, іссапар шығындарына, әскерлер қозғалысына және форма тігуге жұмсалады. Әскери шеру үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – тарихи және заманауи бөлімнен тұратын жаяу шеруі экипаждарының жүріп өтеді;
Екінші кезең – механикалық техника жүріп өтеді;
Үшінші кезең – авиация ұшып өтеді”, – деді Виталий Адамович. 

Сондай-ақ алғаш рет алаңда Қазақстан аумағында жасақталған әскери бөлімдер – 23 дивизия мен бригадалардың жауынгерлік тулары мен Әскери тарих мұражайында сақталған Т-34 танкіндегі Жеңіс туының көшірмесін алып өтеді. 

Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техниканың соңғы үлгілері де көрсетілмек.

Фото: Қорғаныс министрлігі

Байланысты жаналықтар

29 сәуірдегі доллар бағамы қандай?

29.04.2025

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

28.04.2025

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды

26.04.2025

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17.04.2025

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

15.04.2025

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды

12.04.2025
MalimBlocks
29 сәуірдегі доллар бағамы қандай?

Олигархтардан қайтарылған 1 миллиард теңге қайда жұмсалмақ?

Қазақстандық десантшылар парадқа қатысу үшін Мәскеуге аттанды

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

Өскеменде ардагерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті

Қазақстанда зейнетақы өсетін болды