freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оқу-ағарту министрлігі: 6 мыңнан астам мектеп террористік тұрғыда осал

Қоғам
Оқу-ағарту министрлігі: 6 мыңнан астам мектеп террористік тұрғыда осал
Алматы әкімдігі

Елімізде 8 028 мектеп жұмыс істейді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың ішінде 6 254 білім ордасы террористік тұрғыда осал.

Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы бұйрығына сәйкес, мектептердегі терроризмге қарсы қауіпсіздіктің міндетті элементтеріне мыналар кіреді:

— камералары ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйесі;

— дабыл түймелерін орнату;

— лицензиясы бар күзет қызметімен келісімшарт жасасу;

— ғимаратқа кіруді бақылау және басқару жүйелерімен қамтамасыз ету.

2025 жылдың соңында Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық мектептің терроризмге қарсы қорғаныс талаптарына іс жүзінде сәйкестігін тексерген.

Әкімдіктер мен өңірлік полиция департаменттерінің деректеріне сәйкес, терроризм тұрғысынан осал объектілер санатына жататын мектептер 100 пайыз терроризмге қарсы қорғаныс талаптарына сәйкес келеді. Бүгінде терроризм тұрғысынан осал объектілер саналатын барлық 6 254 мектеп терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған, — делінген ведомствоның агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар министрдің бұйрығына сәйкес, мектептерде әр жарты жылда кемінде екі рет қызметкерлердің, педагогтер мен оқушылардың қатысуымен төтенше жағдай қаупі туындаған кездегі іс-қимылдар бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі.



 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу