freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Оқу жылын аяқтай алмадым": Танымал мектеп директоры ауруханаға шұғыл түсіп қалды (ВИДЕО)

Қоғам
"Оқу жылын аяқтай алмадым": Танымал мектеп директоры ауруханаға шұғыл түсіп қалды (ВИДЕО)
Malim.kz коллажы. Суретте: Ақмоншақ Нұртаза

Мектеп директоры әрі әлеуметтік желіде танымал ұстаз Ақмоншақ Нұртаза денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін мәлімдеді, деп Malim.kz тілшісі dalanews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Instagram парақшасында жазба жариялап, оқу жылының соңына дейін шыдай алмай, сырқаттанып қалғанын айтты. Ұстаздың сөзінше, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

"Оқу жылының соңына жете алмай, ауырып қалыппын. Бірақ шүкір, жақсы дәрігерлердің қолына түстім. Сіздердің ақ тілектеріңіз бен дұғаларыңыздың арқасында тезірек сауығып кетемін деп сенемін", – деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Сондай-ақ ол соңғы үш жылда өз денсаулығына жеткілікті көңіл бөлмегенін ашық айтты. Директорлық қызметке кіріскеннен бері жұмысты алдыңғы орынға қойып, дәрігерге қаралуды кейінге қалдырып келгенін жеткізді.

"Директор болғаныма 3 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өзімді кейінге ысырып, дәрігерге баруға уақыт таппадым. Үнемі жұмысты, уақытты сылтау еттім. Бірақ денсаулық күтпейді екен", – деді ол.

Ұстаз оқырмандарына денсаулыққа бейжай қарамауға кеңес берді. Оның айтуынша, адам ең алдымен өзіне, содан кейін отбасы мен жақындарына керек.

Ақмоншақ Нұртаза дәрігерлерге де алғыс айтып, наркозбен жасалған тексерістен кейін жағдайы жақсы екенін жеткізді.

"Денсаулық – бәрінен қымбат. Ауырмаңыздар. Дәрігерлерге ерекше респект. Біз, ұстаздар, кейде өз жұмысымызды қиын санаймыз. Бірақ дәрігерлердің еңбегіне бас иемін. Аман болыңыздар, ақ халатты абзал жандар", – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желі арқылы танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртазақызына ерекше сый табысталған еді.

Баян Алагөзованың байқауында бас жүлдені иеленген

Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры әрі әлеуметтік желіде танымал ұстаз Ақмоншақ Нұртаза продюсер Баян Алагөзованың авторлық байқауында жеңімпаз атанған еді.

Республика сарайында өткен салтанатты шарада TikTok желісінде белсенділігімен танылған мектеп басшысы көрермендердің ең көп дауысын жинап, "Алтын ханым-2026" жобасының бас тәжін иеленді. Жеңімпазға құрметті атақпен қатар 3 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табысталды.

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 21 үміткер қатысқан еді. Олар бірнеше ай бойы түрлі кезеңдерден өтіп, іскерлік, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Финал қорытындысында Ақмоншақ Нұртазаның дайындығы мен көпшіліктің қолдауы оған бас жүлдені жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Продюсер Баян Алагөзова жеңімпазды марапаттау кезінде оның жоба барысында ерекше еңбекқорлық танытқанын атап өтті.

Ақмоншақ Нұртаза өзіне берілген ақшалай сыйлықты жеке мақсатына емес, қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларға жұмсайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қаржы нәзік жандыларды қолдауға арналған маңызды жобалардың бастамасына айналуы тиіс еді. Жеңімпаз қуанышын оқырмандарымен бөлісіп, әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғыс айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу