Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оралда ер адам көршісін қатты музыка қойғаны үшін ұрып тастаған

Оқиға
Оралда ер адам көршісін қатты музыка қойғаны үшін ұрып тастаған

Орал қаласында сот қатты музыка үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады, деп хабарлайды Malim.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Мәліметтерге сенсек, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

Орал тұрғыны өз пәтерінде қатты музыка қойып, тыңдап отырған. Бұл көршісінің ашуын туғызған. Ол әйелді сабырға шақырмақ болып, есігін қаққан. Алайда жауап болмаған. Кейін ашуланған ер адам есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ер адам әйелді тауып алып, бірнеше рет басы мен денесінен ұрған. Артынша оның басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен, – делінген хабарламада.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді. Сот ер адамды Қылмыстық кодексінің 109-бабы «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы шешім шығарды.

Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу