Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Құқық
Өскеменде 20 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Өскемен қаласының полицейлері осыдан 20 жыл бұрынғы адам өлтіру фактісі бойынша күдіктіні ұстады. 


ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемендегі үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Алайда сол кезде қылмыскер ізін суытып үлгеріп, оған қоса айғақтарды жою үшін үйді өртеп жіберген. Бұл тергеу барысын қиындата түсті. 

Қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері істі тоқтатпады. Жедел уәкілдер материалдарды мұқият зерттеп, жиналған деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін рет-ретімен қалпына келтірді. 2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жалғасып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсті, - делінген ақпаратта.

18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Фото: ШҚО ПД

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу