Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде әйел сәбиін үйде босанып, мүрдесін қоқысқа тастаған

Оқиға
Өскеменде әйел сәбиін үйде босанып, мүрдесін қоқысқа тастаған

Өскеменде 44 жастағы әйел баланы өз үйінде медициналық жәрдемсіз босанған. Бала өлі туған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған. Әйел баласының өлі туғанын көріп, денесін қоқысқа тастапты. Әйел жүктілік бойынша есепте тұрмаған. Және бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған. Кейін оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызды.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ПД.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу