freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты

Оқиға
Өскеменде жол апатынан екі адам қаза тапты
Pexels

Өскемен қаласында жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза болды.ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты Малдыбаев көшесінде болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала деректерге сәйкес, 35 жастағы ер адам Honda Inspire маркалы көлікті айдап әкеткен. Малдыбаев көшесі арқылы қалаға кіріп келе жатқанда қарсы жолаққа шығып кетіп, Mersedes-Benz көлігімен соқтығысты, — деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Соның салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды. Облыстық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Арман Үмітовтің айтуынша, Mersedes-Benz көлігінің жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге байланысты тергеу басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу