Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Осылай аяқталғаны өкінішті»: Қазақстандық боксшы қыз төрешілердің шешіміне қарсылық білдірді

Спорт
«Осылай аяқталғаны өкінішті»: Қазақстандық боксшы қыз төрешілердің шешіміне қарсылық білдірді

Бокстан 75 келі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова  алғашқы айналымдағы жеңілісінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы», - деді Хальзова. 

Боксшы алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәлірек болғанын айтады.

«Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы демала алмай, капа арқылы демалуға тырыстым. Төрешілік туралы не айтамын? Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды. Әрине, өкінішті. Қаншама жұмыс істеліп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан әнұраны шырқалады деп сенемін», - деді Хальзова. 

Айта кетелік, Валентина Хальзова панамалық спортшыға есе жіберді. 

Фото: Владислав Семенов

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу