Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Отбасылық марафоннан қалып қоймаңыз (промокод бар!)

Спорт
Отбасылық марафоннан қалып қоймаңыз (промокод бар!)
© minimarathon.kz

Minimarathon.kz ұйымдастыратын V жаңажылдық отбасылық костюмді жүгіруге тіркелудің аяқталуына бар болғаны 7 күн қалды. Бұл – өтіп бара жатқан жылдың ең ерекше әрі жарқын спорттық оқиғаларының бірі.

Биыл жарыс бағдарламасы тіпті мазмұнды бола түспек. Қонақтарға серіктестеріміз - балалар мен ересектерге арналған интерактивтер, мерекелік тосынсыйлар мен сыйлықтар, Аяз Атаға хат, жылдан естелік ретінде есте қаларлық суреттерге түсу мүмкіндігі, сондай-ақ, жаңажылдық көңіл-күй сыйлайтын тақырыптық іс-шаралар ұсынады.

Мәреге жеткен барлық қатысушы естелік медаль алады, ал ең креативті қатысушыларға жарыс серіктестері дайындаған «Ең үздік костюм» номинациясы бойынша арнайы жүлделер табысталады.

Іс-шара 2025 жылдың 28 желтоқсанында Almaty Arena аумағында Алатау ауданы әкімдігінің және BI Group, Bazis-A, Sensata Group сынды Қазақстанның жетекші құрылыс компанияларының қолдауымен өтеді. Осының арқасында қатысу бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Барлық ниет білдірушілер үшін Алатау ауданы әкімдігінен слоттардың барлық санатына 70% арнайы жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті пайдалану үшін minimarathon.kz сайтында тіркелу кезінде ALATAU70 промокодын енгізу жеткілікті.

Алатау ауданы Алматы қаласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Ол заманауи спорттық инфрақұрылымға бай және қала тұрғындары мен қонақтарын отбасылық мерекелік жүгіруге қатысуға шақырады. Ауданда жас отбасылар көп тұрады, ал мұндай бастамалар Жаңа жылды бүкіл отбасымен таза ауада, белсенді түрде қарсы алу сияқты жаңа қалалық дәстүрді қалыптастырады.

Қатысушылар көңілді және жаңажылдық көңіл-күйге бөлене отырып, 2026 метрлік символдық қашықтықты бағындырады.

Биыл 1500 слот бөлінген, ал іс-шараға қызығушылық жыл сайын артып келеді. Тіркелу 18 желтоқсанда аяқталады — тіркеліп үлгеріңіздер, слоттар саны шектеулі!

Ұйымдастырушылар инклюзивтікке ерекше назар аударады: жарысқа Алатау ауданындағы даму ерекшеліктері бар балалар, Meiirim оңалту орталығының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Астана қаласынан келген «Жанасу — Прикосновение» қорының қатысушылары шығады.

Сайт: minimarathon.kz
E-mail: info@minimarathon.kz
Тел.: +7 (701) 101 91 10 (WhatsApp)

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу