Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Оттегімен демалды»: Роза Әлқожа немересін перзентханадан шығармай қойғанын айтты

Шоу-бизнес
«Оттегімен демалды»: Роза Әлқожа немересін перзентханадан шығармай қойғанын айтты

Танымал әнші Роза Әлқожа жақында немерелі болғанын және сәбидің перзентханадан шыққанын қуанышпен жеткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келгендіктен, бірнеше күн бойы оттегі аппаратының көмегімен тыныс алған. Осы себепті дәрігерлер перзентханадан шығару уақытын кейінге шегерген.

Он күннен бері бөпеміз кішкентай боп, оттегімен демалды. Одан өзім ауырып әуреге түсіп ем. 20-сы шығады деп дайындалғанда балалар бөлімінің басшысы тағы жібермеген. Бөпемізді перзентханадан бүгін ғана рұқсат беріп, аяқ астынан шығарып алдық! Екі сағатта жиналып, осылай бара салдық. Бұл да Алланың бұйрығы. Бастысы - дені сау, ғұмыры ұзақ болсын! Бата-тілек арнай отырыңыздар. Көп тілегімен көркейе берейік! Аллаға сансыз шүкір, сансыз мадақ! Қуаныш сіздерге де жұғысты болсын! Әр шаңырақта той болсын! Ұрпағымызбен мың жасаған жандардан болайық! Балапанымыз үлкен боп өсіп кетсінші!, деп жазды өнер иесі.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу