Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж-2024: Боксшы Нұрбек Оралбай финалда

Спорт
Париж-2024: Боксшы Нұрбек Оралбай финалда

Нұрбек Оралбай бокстан Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Жерлесіміз 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді. 

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өткені соншалық, Нұрбек қарсыласын 3:2 есебімен жеңіп шықты.

Осылайша Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласқалы отыр. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған. 

Оның финалдағы қарсыласы кубалық Арлен Лопен пен украиналық Олександр Хижняк арасында анықталады.

Фото: Владислав Семенов/ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу