Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж-2024: Бүгін садақ ату шеберлері олимпиаданы бастайды

Спорт
Париж-2024: Бүгін садақ ату шеберлері олимпиаданы бастайды

Бүгін Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық құрама сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко шеберлік байқасады. Бұл рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.

Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Бұл жарысты еліміздің телеарналары эфирден көрсетпейді. Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Ал командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.

Фото: ҰОК / Сали Сабиров

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу