Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Париж-2024: спортшыларымыз бүгін еркін күрес, велотрек және брейк-данстан сынға түседі

Спорт
Париж-2024: спортшыларымыз бүгін еркін күрес, велотрек және брейк-данстан сынға түседі

Париждегі Олимпиада ойындарының бүгінгі жарыс күнінде ел спортшылары жарыстың 4 түнінен: еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен сынға түседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Кесте бойынша спортшыларымыз мына уақыттарда жарыс жолына шығады:

14:00, еркін күрес

Әлішер Ерғали, 97 кг. Оның алғашқы белдесуі мысырлық Мұстафа әл-Елсайед Элдерспен өтеді.

Жартылай финал бәсекелері 21:15-те басталады.

16:30, қазіргі бессайыс

Елена Потапенко

19:35, брейк-данс

Амир Закиров. Ол D тобында Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытай Тайпейі) лақап атымен танымал бишілермен жарысады.

Айта кетейік, Амир петропавл тумасы. Ол Олимпиадаға тарихи жолдама ұтып алып, Қазақстан Олимпиада ойындарында брейкингтен алғаш рет қатысып отыр.

Финалдық кезең Астана уақытымен 00:29-да басталады.

20:19, велотрек

Андрей Чугай

Айта кетейік, қазіргі жағдай бойынша, Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар. Жалпы есепте 34-орындамыз.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу